Қоғам

Ақтөбеде жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбеде жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлады Turkystan.kz.

Оқиға орнында Toyota Estima өртеніп, көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушы қаза тапқан.

Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, 8 қарашада сағат 17-30-де Ақтөбе-Богословка автожолында «Бауырластар» ТА маңында Toyota Estima автокөлігі Зил жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.