Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Қазгидромет 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада еліміздің шығысында жауын жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы төмендейді.