Жаңалықтар

Астанада әскери-патриоттық әндер байқауының қорытындысы шықты

Астана әкімдігі

Байқау ҚР Қарулы Күштерінің 31 жылдығына орай өткізілді.

ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас Сарбаз – патриоттар мекені» жобасы аясында елордалық әскери-патриоттық ән байқауының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Байқау Астана әкімдігінің қолдауымен «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ филиалымен ҚР Қарулы Күштерінің 31 жылдығына орай өткізілді.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, «Жас Сарбаз» қалалық филиалының басшысы Асхат Налшыбек қатысты.

Байқаудың бас жүлдесі №42 орта мектептің оқушысы Толғанай Мұқатайға берілді.

Бірінші орынды №49 мектеп-гимназиясының оқушысы Тәңірберген Мұқашев жеңіп алды.

Екінші орынды №37 мектеп-лицейден «Жас екпін» ансамблі, үшінші орынды педагогикалық колледжден Диас Мэліс алды.

Сонымен қатар «Жас сарбаз» жұлдызы номинациясын ЕАГИ колледжінің «Жас қыран» тобы жеңіп алды. №72 мектеп-лицейінен Адель Кунадилованың өнерін «Үздік авторлық орындау» деп таныды. №80 мектеп-гимназиясының оқушысы Айсұлтан Рахметолла көрермендердің көзайымына айналды.