ҚАНАТ ИСЛАМ: ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛҒАНДА БІРДЕН ЕЛІМДІ ОЙЛАДЫМ

ҚАНАТ ИСЛАМ: ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛҒАНДА БІРДЕН ЕЛІМДІ ОЙЛАДЫМ

ҚАНАТ ИСЛАМ: ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛҒАНДА БІРДЕН ЕЛІМДІ ОЙЛАДЫМ
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Делавэр штатында кездесу өткізіп, жеңіске жеткен қазақстандық боксшы Қанат Ислам бүгін елге оралды. Бүгін боксшы Қазақстанға оралды. Алматының әуежайына Қанаттың жанкүйерлері мен ең жақын туыстары келді. Боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жегі жайлы айтып берді. «Қазақтың абыройы, елдің, көк тудың жығылмауы мен үшін үлкен мақсат. Бірінші раундта ондай болады деп ойлаған жоқпын. Қабағым жарылған кезде бүкіл есіл-дертім, бір секундтің ішінде мен бүкіл елімді ойлап кеттім сол жерде. Ондай кезде он екі раундқа салатын күшті бір раундқа салу керек. Не бар, не жоқ. Сондай шешім қабылдауың керек», – деп әңгімеледі Қанат Ислам «Қазақстан» арнасының тілшілеріне берген сұхбатында соңғы жекпе-жегі жайлы. Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам 18 ақпанда өткен кездесуде бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. kaz.tengrinews.kz