Жаңалықтар

Индерде төрт адам суицид жасады

Жыл басынан бері облыста 38 бала өзіне қол жұмсамақ болған.

Атырау облысының Индер ауданында биыл төртінші адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының мәліметінше, марқұмның жасы отызда екен. Ол дарға асылып, қаза тапқан. Мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полицейлер тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қосымша хабарланатын болады деп сендірді.

Айта кетсек, жыл басынан бері облыста 38 бала өзіне қол жұмсамақ болған. Өкінішке қарай, соның тоғызына жақындары тарапынан дер кезінде қолұшы берілмеген.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев facebook парақшасында жазба қалдырған болатын.