Жаңалықтар

Жезқазғанда алып сәби дүниеге келді

Ана мен баланың жағдайы жақсы.

Жезқазғанның перинаталдық орталығында салмағы 6 келіге жуық сәби дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Қол-аяғын бауырына алған ана мен баланың жағдайы жақсы. Олар үйлеріне жіберілді.

Ақ халаттылардың айтуынша, салмағы жоғары балаларды дүниеге әкелу оңай емес. Бірақ білікті дәрігерлер дер кезінде шешім қабылдап, қажетті жағдай жасаған.

Облыста жыл басынан бері 2800-ден астам сәби дүниеге келді. Ана мен бала өлімінің алдын алып, туу көрсеткішін әлі де көтеру үшін жергілікті билік білікті мамандарды өңірге тартып жатыр.

Жақында екі акушер-гинеколог жұмысқа орналасты. Оларға 5 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Осы мақсатқа тағы жиырма миллион теңге бөлініп отыр.