Жаңалықтар

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

inbusiness.kz

Бұл орынға Ержан Уақасұлы Ыбыраев тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.