Жаңалықтар

«5 келіге арықтадым»: Актер Берік Айтжанов Түркияда аз уақыт ішінде түрік тілін қалай меңгергенін айтты

instagram.com/berik_aitzhanov

Алтыншы күні үйге, достарыма хабарласып, кішкентай бала секілді еркелеп, «Үйге қайтқым келіп тұр?», «Неге келдім?» деп айттым.

«Османның құрылуы» атты тарихи түрік телесериалында Моңғол қолбасшысы Найман рөлінде ойнаған белгілі актер Берік Айтжанов түрік тілін қалай тез меңгергенін айтып берді. «Түнгі студияда» бағдарламасында қонақта болған актер алғашында қиын болғанын, алайда небәрі 2 ай ішінде үйреніп алғанын айтады.

«Түсірілім басталмас бір күн бұрын мәтінді алдым. Түрікше білмеймін. Өзіміздің бауырымыз, Түркияда екі маусым сериал түсірген режиссер Нұрғиса Әлмұратқа хабарластым. Мәтінін жіберіп, «Не істеймін? Қалай айтамын?» деп ақыл сұрадым. Нұрғиса «Саспаңыз» деп қояды. Сөзін жаттадым. Сенесіз бе, 5-6 күндей түсірілім алаңына сөзін жаттамау немесе дайындалмай келу менің кәсбім деңгейімнің төмен екенін көрсетеді. Бұл менің намысыма тиеді. Мен Қазақстанда, Ресейде ондайды жібермеймін. Ал мұнда түрік тілі болған соң кішкене қиындық туғызды. Содан 6 күн бойы күн демей, түн демей жарты сағат сайын сөздерді жаттадым. Нұрғиса мәтінді диктофонға жазып берді. Мен оны оқып, тыңдап, қайталап жүрдім», – дейді актер.

Сондай-ақ ол алғашқы аптада 5 келіге арықтағанын айтады.

«5 келіге арықтадым.» Не болады?» деп уайымдадым. Солай жаттап жүрдім. Алтыншы күні үйге, достарыма хабарласып, кішкентай бала секілді еркелеп, «Үйге қайтқым келіп тұр?», «Неге келдім?» деп айттым. Алайда, адам қиналғанда, қысылғанда бір амалын табады ғой. Нұрғисаның оқып берген мәтінін өзім мәнерлеп оқып, түсініп, сосын сөздікке жүгініп, әйтіп-бүйтіп аударып отырдым. Барлық мәтінді солай жаттап алдым. Алтыншы күні режиссер, түсірілім тобы мен әртістер «Бұл қалай 5-6 күнде жаттап, машықтанып алды?» деп аң-таң болды. Сөйтіп, жаным аман қалды. Бірақ екі айдан соң ол да керек болмай қалды. Үйреніп алдым», – дейді актер.