Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды

7 қараша, 2023 / Меруерт Сағымхан
24.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қайта құрылымдалған Мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды.

Елімізде Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев Мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды.

Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.

Тэгтер:

министрлік Үкімет Тағайындау Вице-министр Мәдениет және ақпарат қаулы