Жаңалықтар

Атырауда микроқаржы кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды (ВИДЕО)

gorlovka.today

Полиция қарақшылық шабуыл жасаған ер адамды ізін суытпай ұстады.

Атыраулық полицейлер микроқаржы кеңсесіне қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының мәліметінше, 6  қараша күні сағат 11:00 шамасында 102 операторына қалада орналасқан микроқаржы ұйымы тоналды деген хабарлама түскен.

«Полицейлер оқиға орнына жетіп, кеңсе қызметкерін үшкір затпен қорқытып, қарақшылық жолмен 341 мың теңгені тонап, оқиға орнынан бойтасалаған ер адамды ізін суытпай ұстады», – делінген хабарламада.

Қазір 40 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының  2-бөлігі 4-тармағымен, яғни қарақшылық дерегімен тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.