Жаңалықтар

Назарбаев пен оның отбасында қандай артықшылықтар қалды – министр жауабы

ашық дереккөз

Әділет министрі Азамат Есқараев бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұрақтарға жауап берді.

Әділет министрі Азамат Есқараев бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасында қандай артықшылықтар қалғаны жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан заңнамасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына арнайы артықшылықтар берген нормалардан толық тазарды деп айта аламыз ба?» - деп сұрақ қойды тілшілер Үкімет кулуарында.

«Бұл жұмыс жалғасып жатыр және заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді, бірақ мұның бәрі қаңтарда қабылданған заңды жүзеге асырудың қисынды жалғасы болды. Жұмыс әлі де жүргізілуде», - деп жауап берді Әділет министрі.

Сонымен бірге, журналистер бұрынғы президент пен оның отбасында қандай артықшылықтар қалғанын сұрады.

«Оның (Н. Назарбаевтың – ред.) қол сұғылмаушылық кепілдігі бар, көлік қызметіне құқығы бар, тиісті тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бұл кепілдіктер оның отбасына берілмейді», - деді А.Есқараев.