Экономика

Тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына әсер етіп отыр – Смайылов

aqtobegazeti.kz

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті.

Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz-ке сілтеме жсап.

Өсімдік шаруашылығында кейбір маңызды мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Айталық, жергілікті атқарушы органдар заманауи суару технологияларын енгізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай келеді. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берген болар еді. Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүріп жатыр. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет, - деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті.

Әбден тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына да әсер етіп жатыр, - деді Смайылов.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктері мына мәселелерге назар аударуы қажет.

Жиналған егінді уақытылы және сапалы кептіру жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз ету керек. Астықты сақтау және өңдеу, тұқым қорын дайындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс, - деді ол.

Смайылов Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, «фермерлерді қолдау үшін қажетті қаражат бөлуді қамтамасыз ету керегін жеткізді.

Агроөнеркәсіп кешеннің, оның ішінде дәнді дақылдардың отандық селекциясының ғылыми әлеуетін дамыту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет. «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қосымша ынталандыру шараларын әзірлеу керек, - деді Үкімет басшысы.