Жаңалықтар

Астанадағы бір мектептің 133 мұғаліміне екі ай бойы жалақы төленбеген

ser-per.kz

Мектеп қызметкерлеріне 41 млн теңгеден астам жалақы төленді.

Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше, Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы талдау барысында мектептің 133 мұғалімі мен жұмыскерлерінің еңбек құқығы бұзылғанын анықтады.

«2 ай бойы оларға жалақы төленбеген, бұл олардың Конституциямен кепілдендірілген құқықтарының бұзылуына әкелді», - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша, мектеп қызметкерлеріне 41 млн теңгеден астам жалақы төленді, жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.