Жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтың тергеу изоляторындағы былықтары әшкере болды

Қайрат Боранбаев түрмеде жазасын өтеген кезде ұялы телефон қолдануға, туған күнін алкогольмен атап өтуге мүмкіндік берілген.

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев түрмеде жазасын өтеген кезде ұялы телефон қолдануға, туған күнін алкогольмен атап өтуге мүмкіндік беріліп, оған интим қызметі көрсетілген. Бұл туралы Қайрат Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдарында айтылды, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әбілхан Боранбаев жазасын өтеп жатқан Қайрат Боранбаевқа сыйлықтар жасап, қызмет көрсету үшін аты аталмаған тұлғаларға пара бергені анықталды. Әбілхан Боранбаев пара бергені үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.