Қоғам

«Көп нәрсе түсіндім»: Әли Оқапов «Құрмет» орденіне қатысты даулы жағдайдан соң жазба жариялады

Фото: YouTube

Әнші бұл жағдайдан өзіне өмірлік сабақ алып, көп нәрсе түсінгенін жеткізді.

Әнші Әли Оқапов «Құрмет» орденіне қатысты даудан кейін жазба жариялады, деп хабарлады  turkystan.kz.

Ол бұл жағдайдан өзіне өмірлік сабақ алып, көп нәрсе түсінгенін жеткізді.

«Тағы да бейнеүндеу түсіремін деп ойладым, бірақ ондайды ұнатпаймын, оның қажеті қанша. Жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатым шығады. ...Енді бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірмеймін», - дейді ол.

Әнші осы жайттан кейін хабарласып жатқандар көп екенін айтады. Алайда өзі мұндай ұсыныстардан бас тартып, аздап үзіліс алуды жөн көрген.

«Жай ғана әрі қарай өмір сүру керек деп ойлаймын. Осы күндердің ішінде қатты ауырдым, әлі де емделіп жатырмын. Күйзелістен кейін әрдайым осындай болады, есесіне тағы 3 келі салмақ тастадым. Отбасым әрқашан жанымда болды әрі олар үнемі қиын жағдайдан алып шығады. Осы жағдайдан кейін бір аптаға үзіліс жасап, сүйікті еліме демалуға ұшамыз деп шештік. ...Барлығына қолдағаны үшін тағы да рақмет. Хейт үшін де рақмет. Өйткені, бұл – жұмысым мен өмірімнің бір бөлігі. Көп нәрсе түсіндім және қорытынды жасадым. Өмірлік сабақ пен тәжірибе алдым, маған әлі де көп нәрсе істеу керегін ұқтым. Жалпы, ой көп...» деп жазды ол.