Жаңалықтар

Әнші Kalifarniya келіншегімен қалай танысқанын айтты (ВИДЕО)

Фото: kaz.globalnews.kz

Әнші Kalifarniya жақында отбасын құрған.

Әнші Kalifarniya «Қызық Times» бағдарламасында отбасылық өмірі, жұбайымен қалай танысқаны жайлы айтып берді, деп жазды turkystan.kz.

Әншінің жұбайы да өнерден алыс емес, биші.

«Дос болып алты айдай жүрдік. Сосын қыз бен жігіт болып жүре бастағаннан кейін тура бір жылдан соң үйлену тойымыз болды. Жүріп жүргенімізді ешкімге айтқымыз келмеді. Біз өзі қалай жұп болып кеткенімізді байқамай қалдық. Негізі, Tik-tok түсіріп жүргенбіз. Араласа келе, алты айдан кейін «біз бір-бірімізге кімбіз?» деп сұрақ қойдым. Сосын сөйлесе келе, кездесе бастадық», - деді әнші.