Қоғам

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: old.syrboyi.kz

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 7 қарашада Түнде және таңертең Астанада тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. 

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман болуы мүмкін. 

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

 Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз өңірдің батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп болжанады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Қостанайда да тұман болады деп болжанады.

Маңғыстау облысының батысында солтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с, Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.