Жаңалықтар

Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова 100 жасқа таяған шағында дүниеден өтті

Фото: Instagram/museumkunaev

Бұл туралы Қонаев музейі мәлімдеді.

Дінмұхаммед Қонаевтың хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Қонаев музейі Instagram парақшасында жазды.

«Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды! Туыс -туғандарына қаймыға көңіл айтамыз»,- делінген хабарламада.