Жаңалықтар

Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар – статистика

Жоғары білімі бар халықтың үлесі 19,8%-дан 2021 жылы 27,6%-ға дейін өсті.

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы аясындағы білім беру бойынша кезекті жинақты ұсынады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар.

2021 жылғы санақ кезінде 3,7 млн адамның жоғары білімі, 4,1 млн адамның арнайы орта білімі, 4,9 млн адамның орта білімі болды.

2009 жылғы санақпен салыстырғанда жоғары білімі бар халықтың үлесі 19,8%-дан 2021 жылы 27,6%-ға дейін өсті.