Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.
Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 6 қараша күні Алматы - Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды», – делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.