Жаңалықтар

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді

gov.kz

Екі бала сіріңкемен ойнап отырып, шөпті өртеп жіберген.

Оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті мектептің екі оқушысы сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген.

Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек. ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.