Жаңалықтар

Үкімет 3 баладан көп баласы бар аналарға жалақы төлеуі керек – депутат

astanatv.kz

Сонымен қатар, депутат Ұлттық қордан балаларға аударылатын қаражат аз деп есептейтінін айтты.

Депутат Ерлан Сайыров көпбалалы отбасыларға қатысты әлеуметтік мәселе көтерді, деп хабарлады turkystan.kz el.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көпбалалы отбасыларды мемлекет қамқорлығына алып, жәрдемақыны көбейту керек. Сондай-ақ біз бұрыннан бері Үкімет 3 баладан көп баласы бар аналарға жалақы төлеу керек екенін айтып жүрміз. Өйткені, олар жұмыс істеп отыр. Тәрбиеші болып Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеп отыр, – деді Сайыров.

Сонымен қатар, депутат Ұлттық қордан балаларға аударылатын қаражат аз деп есептейтінін айтты. 

Қазіргі таңда Ұлттық қордың біршама қаржысы балалардың есепшотына аударылып жатыр. Бірақ, бұл — өте аз. Бірақ, өзіміз болашақта тәуелсіздік эстафетасын алып жүретін балаларды тәрбиелейміз десек, олардың ата-анасына жағдай жасау керек. Сол үшін балалардың ата-анасын жұмыспен қамту, жәрдемақыны көбейту, қоғамдық қорлар арқылы көмек көрсету ісін жолға қою керек, — деді депутат.