Жаңалықтар

Шымкентте кортеж қатысушылары көлік жүргізу құқығынан айырылды

polisia.kz

Мегаполис көшелерінің бірінде болған жол ережелерін бұзған кортеж қатысушылары камераға түсіп қалған.

Шымкентте кортеж қатысушылары жол ережесін өрескел бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына мегаполис көшелерінің бірінде болған жол ережелерін бұзған кортеж қатысушылары түсіп қалған. 

Автожолдағы жастардың қауіпті көңіл көтеруін ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полицейлер тоқтатты.

«Қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осылайша, автожолдағы мақтанудың соңы олар үшін алты айға көлік басқару құқығынан айырылумен аяқталды», – делінген хабарламада.