Қоғам

Жол-көлік оқиғасы: Оқушылардың өлімі көбейді

Мектептерде жас инспекторлардың отрядын ұйымдастыру қажет.

Соңғы 10 айда жол көлік оқиғасынан қаза тапқан балалардың саны 14%-ға ұлғайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдеді, деп хабарлады Turkystan.kz.

Аға инспектордың айтуынша, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі мен бағдаршамның тыйым салынған түсіне назар аудармауы жол-көлік оқиғасына себеп болады.