Жаңалықтар

Париж көрмесі суретші Клод Моненің елеусіз қалған ағасын әлемге таныстырып жатыр

сурет: Леон Моне портреті, 1874, Клод Моне – Wikimedia Commons

Ол аукциондарда бауырының суреттерін ешкім сатып алмағанда, өзі сатып алып, суретшінің беделі мен бағасын көтеруге үлес қосқан.

Көрмеде суретшінің мансабына ағасының қалай әсер еткенін, соның ішінде аукциондарда ағасының картиналарын сатып алғаны туралы тың дерек көрермен назарына ұсынылып отыр, бұл Клодтың суретші ретінде бағасын арттыруға ықпал еткен, деп хабарлады turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. 

Клод Моне бейнелеу өнеріндегі импрессионизмнің негізін қалаушы саналады. Оның 1872 жылғы "Күн шыққанда. Әсер"  картинасы импрессионистік қозғалысқа тақырып болды.

Бірақ бұл жолы суретшінің өзі емес, бұдан бұрын көп ешкім біле бермеген ағасы Леон Моне – көпшіліктің назарында. Париждегі Люксембург мұражайында өтіп жатқан көрме оның бауырының суретші ретінде қалыптасуына әсері туралы жан-жақты мәлімет береді.

Шотландияның ұлттық галереяларының аға кураторы және импрессионизм бойынша сарапшы Фрэнсис Фаул бұл көрме өте маңызды екенін, өйткені ол Леон Монені Клод Моне тарихына қайтарғанын айтады.

Леон Клодтың талантын ерте мойындаған. Ол аукциондарда бауырының суреттерін ешкім сатып алмағанда, өзі сатып алып, суретшінің беделі мен бағасын көтеруге үлес қосқан.

"Ол бәрін жинады, аукциондарда, сатылымдарда сатып алды. Ол өз бауыры ғана емес, сонымен қатар импрессионист суретшілердің бірнеше картинасын сатып алды. Өйткені (Альфред) Сисли, (Камил) Писсарро, (Пьер-Огюст) Ренуар, Клод Монеге өте жақын болды. Олар бірге сурет салды", - дейді куратор Джералдин Лефевр.

Леон Моненің импрессионистік қозғалыстағы рөлін ашу үшін Джералдин Лефеврге үш жылдан астам уақыт қажет болған екен.

"Ол Клодтың шығармашылығына әсер еткен негізгі тұлғалардың болғаны анық", - дейді сарапшылар.

Өкінішке қарай, Клодтың ұлы Жан Леон Моненің зауытында химиялық заттармен жұмыс істеген соң айықпас респираторлық инфекцияны жұқтырғаннан кейін көп ұзамай ағайындылардың қарым-қатынасына сызат түскен. Леонның қызы Адриенна дәл осындай аурумен ауырған соң, Леон бұл ауруды жұқпалы деп есептейтінін айтып, химиялық заттарының уыттылығын жоққа шығарған.

Клодтың ұлы Жан 1914 жылы қайтыс болған соң ағасы мен бауыры мүлде араласпай кеткен.

Леон 1917 жылы 82 жасында қайтыс болғаннан кейін Клод оның жесіріне: "Мен ағамды соңғы рет көре алмағаныма өкінемін және оған бізді екіге бөлген нәрсенің бәрін ұмыт деп айтып үлгермедім" деп хат жазған.

"Суретшінің ағасы және коллекционер – Леон Моне" атты к-рме 15 наурыз бен 16 шілде аралығында Париждегі Люксембург мұражайында өтеді.