Қоғам

«Ирина Қайратовна» тобы мобилографының өлімі: ресми себебі расталды

Өлімнің алдын-ала себебі - "жедел геморрагиялық панкреонекроз".

Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басқарма баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі анықталған.

Өлімнің алдын-ала себебі - "жедел геморрагиялық панкреонекроз" токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды, - дейді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, 14 қазан күні "Ирина Кайратовна" тобының мобилографы Жылқайдаров Шахназ  Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болған еді. Кейін топ мобилографтың отбасына көмек көрсететінін айтты.