Балалардың жазғы лагерінде 450-ден астам заңбұзушылық анықталды
120 тұлға жауапқа тартылды.
Ақтөбе облысындағы балалардың жазғы лагерінде 450-ден астам заңбұзушылық анықталды, деп хабарлады Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, медициналық қауіпсіздік, жер, сәулет-құрылыс, сондай-ақ бюджет заңнамасы саласындағы 450-ден астам заңбұзушылық анықталды.
«120 тұлға жауапқа тартылды, олардың ішінде 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа, мемлекеттік қызметке беделін түсіретін негіздер бойынша 3 қызметкер, әкімшілік жауапқа 95-і тартылды. 13,5 млн теңгенің мемлекеттік сатып алу туралы келісімдері бұзылды», - дейді ведомство.
Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға заңбұзушылықтардың алдын алу туралы нақты тапсырмалар берілді.