Жаңалықтар

Алматы облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады

ашық дереккөз

Алматы облысында 31 жастағы полицей өзіне қол жұмсады.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Балқаш аудандық полиция басқармасына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

«Қайтыс болған азаматтың отбасында жеке проблемалары болған. Ол да қылмыстық тергеу аясында тексерілетін болады. Қазіргі уақытта істің жан-жақтылығын және объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттен.

Ведомстводан атап өткендей, тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.