Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

6 қараша, 2023 / Анель Жарылғасын
insporttv.kz
АҚШ-та Шарлотсвилл челленджер турнирінде үздік шыққан Бейбіт Жұқаев 247-ден бірден 52 сатыға жоғарылады.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 33-тен 32-ге көтерілді.

АҚШ-та Шарлотсвилл челленджер турнирінде үздік шыққан 23 жастағы Бейбіт Жұқаев 247-ден бірден 52 сатыға жоғарылап, әлемнің 195-інші, Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.

Михаил Кукушкин 213-те қалса, Тимофей Скатов 211-ден 216-ға, Денис Евсеев 238-ден 239-ға сырғыды.

Париждегі мастерс жарысының чемпионы болған Новак Джокович бұрынғыша көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші орында тұр.

Тэгтер:

Қазақстан спортшы теннис Бейбіт Жұқаев ракетка