«Қазақмыс» жұмысшысы шахтада қаза тапты

6 қараша, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөз
Қайғылы оқиға Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болды.

«Қазақмыс» компаниясының 39 жастағы жұмысшысы шахтада қаза тапты. Қайғылы оқиға 5 қараша күні Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болды.

«Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, қаза тапты. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр», - делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

шахта Кенші «Қазақмыс»