Жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғындары ерекше құбылысқа куә болды (ВИДЕО)

Видер скриншот

Мұндай құбылысқа күн сәулесінің белсенділігінің жоғары болуы мен магниттік дауыл себеп болған.

Қостанай облысы тұрғындары еліміздің солтүстік өңіріндегі ерекше құбылысты көріп, суретке түсіріп алған. Түнгі аспандағы таңғажайып шұғыла түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Оқырмандар облыстың түрлі аймақтарынан түсірілген суреттерді бөлісіп жатыр. «Солтүстік шұғыласын» Лисаковск, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Жітіқара, Федоровск пен Меңдіғара аудандарының тұрғындары тамашалаған. Ол жақта аспан қызыл-жасыл түске боялды.

Мұндай ерекше құбылысқа күн сәулесінің белсенділігінің жоғары болуы мен магниттік дауыл себеп болған.