Жаңалықтар

Ерке Есмахан сәбиінің есімін кім қоятынын айтты

Instagram/erke_esmahan

Әнші болашақ сәбиінің есімін ата-енесі мен күйеуі қоятынын айтты.

Танымал әнші Ерке Есмахан болашақ сәбиіне есімін өзі қоймайтынын айтты.

Ай-күні жақындап қалған Ерке Есмахан Instagram желісінде көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Әнші болашақ сәбиінің есімін ата-енесі мен күйеуі қоятынын айтты. Сөзінше, бұл мәселеде оның пікірін ешкім тіпті сұрамаған.

"Ол шіркінайдың есімін мен қоймайтыным анық. Ата-әжесінің бірінші немересі, әкесі де отыр жүрегі алып-ұшып. Шын айтайын, мені елеп, пікірімді сұрап жатқан ешкім жоқ", - деп ағынан жарылды әртіс.