Болат Назарбаевтың инфаркт алуына не әсер еткені белгілі болды
Болат Назарбаев инфаркт алды
Отандық БАҚ-та Болат Назарбаевтың жүрек талмасымен ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты Qaz365.kz тілшісі Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорына хабарласып, мән-жайды білді, деп жазды turkystan.kz.
«Болат Назарбаевтың денсаулығы 2015 жылдан бері нашарлаған. 2017 жылы және 2021 жылы операция жасалды. Қазір жағдайы тұрақты, ауруханада ем алып жатыр. Айта кетерлік жайт, соңғы уақытта Болат Әбішұлына ақпараттық шабуыл көбейген еді. Осындай жағдайлар да оның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін», – дейді қор өкілдері агенттік тілшісіне.
Айта кетейік, Қазақстанның экс-Президентінің інісі 3 қараша күні кешке Алматының Орталық клиникалық ауруханасына ауыр халде жатқызылды.