БҚО-да із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды

5 қараша, 2023 / Ақмарал Берекет
Шымкент қ. ТЖД
Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәлімет бойынша, 4 қараша күні сағат 15:10-да Жайық өзенінің жағасынан Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының мәйіті табылды.

Бұған дейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.

Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

Полиция іздеу оқиға БҚО