Атырауда өнер мектебі бір фортепианоны 1,5 млн теңгеге сатып алмақ болған
Тауардың орташа бағасы 651 мың 544 теңге екені анықталды
Ал аспаптың орташа бағасы бұдан 2, 3 есеге арзан, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Махамбет аудандық білім бөліміне қарасты З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі фортепианоның бір данасын 1 млн 510 мың 400 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Осылайша, 10 музыкалық аспап үшін жалпы сомасы 15 млн 104 мың теңге қарастырылған", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Мониторинг барысында жоспарда көрсетілген тауардың орташа бағасы 651 мың 544 теңге екені анықталып отыр.