Қоғам

Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

polisia.kz

Жасөспірім 2 қарашадан бастап үйінде болмаған

Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жасөспірім 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада хабарлады.

Іздеуді жүзеге асырған полиция, жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Тек сағат 12:00-ге қарай полицейлер қызды тапты.

Қазіргі уақытта қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Қыздың мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады.