Қоғам

Қазақстанда бір күнге радио мен теледидар өшеді

Елімізде радио мен теледидар жұмысы уақытша тоқтатылады

Қазақстанда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бір тәулікке радио мен теледидар өшеді, деп хабарлады turkystan.kz «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.

Қазтелерадио хабар таратудың тоқтатылатынын ескертті. Алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты 8 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын тарату өшіріледі.