Жаңалықтар

5 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ашық дереккөз

5 қарашада ауа райы қандай болады

Қазгидромет синоптиктері 5 қараша, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантика циклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Елдің шығысында, орталығында антициклон ықпалымен ауа райы құбылмалы болады.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, оңтүстік-батыста жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік шығысында жел күшейеді.