Қоғам

ШҚО-да жол апатынан үш адам қайтыс болды

Ашық дереккөз

Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды

Өскемен-Алтай тас жолындағы екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz

Оқиға бүгін, 4 қарашада болған.

«Өскемен— Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай автожолының 110 шақырымында екі автокөлік соқтығысып, нәтижесінде үш жолаушы сол жерде қайтыс болды, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.