Қоғам

Қызылша еліміздің барлық аймағына таралды

Қызылша жұқтырғандар Алматы мен Шымкентте көбейген

Қызылша Қазақстанның барлық өңірлеріне таралды. Әсіресе, Шымкент пен Алматыда жұқтырғандардың саны көп, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылшаға қатысты қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова баяндады.

Оның айтуынша, қызылша ғана емес, сонымен қатар А гепатитімен инфекцияның көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр. Мысалы, қызылша еліміздің барлық өңіріне әсер етті. Ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова халықты қызылшаға қарсы вакцинаның маңыздылығы туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Бұған дейін Алматыда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалғаны хабарланған. Наурыздан бастап мыңнан астам зертханамен расталған жағдай тіркелген.