Непалда жер сілкінісі болып, 120-дан астам адам қаза тапты
Тағы бір мемлекетте жер сілкінісі болды
Непалда болған зілзаладан 120-дан астам адам мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz.
4 қарашада, сенбіге қараған түні Непалдың батысында жойқын зілзала болып, 128 адам қаза тапты және ондаған тұрғын жараланды.
Непалдың жер сілкінісіне мониторинг жасау және зерттеу Ұлттық орталығы 6,4 балдық зілзаланы тіркеді.
Олардың дерегі бойынша, зілзала эпицентрі Непал астанасы Катмандудан 400 шақырым жерде орналасқан Джаяркот ауданында болған. АҚШ геология қызметі зілзала магнитудасын 5,6 деп, Үндістан сейсмология орталығы - 6,4, Потсдамдағы немістің Геофизиканы зерттеу орталығы (Geoforschungszentrum, GFZ) 6,2 деп бағалады.