Автобустың астына түскен 45 жастағы адам мерт болды
Қарағандыда 45 жастағы тұрғын автобустың астына түскен
Қарағанды қаласының орталық көшелерінің бірінде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан тұрғын оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Шағын автобустың 39 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Оқиға кезінде автобуста 15 жолаушы болған, бірақ зардап шеккендер жоқ. Болған істің мән-жайы анықталып жатыр. Факті полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Алайда кейін жаяу жүргіншінің көлік астына өзі секіргені белгілі болды. Қайғылы жағдай автобустың ішіне орнатылған бейнебақылау камералары мен магнитофонға жазылған.