Саясат

Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады

Ақорда

Ердоған Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды

Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысқан Режеп Тайып Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Режеп Тайып Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.