Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тоғыз алтын медаль жеңіп, көш бастады

Фото: Instagram/boxingkazakhstan

Бокстан алғаш рет 23 қазан - 3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында тоғыз алтын медаль алды, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бокстан алғаш рет 23 қазан - 3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.

Жүлде бойынша ТОП-3 мемлекет:

Қазақстан –  9 алтын, 3 күміс, 8 қола;

Өзбекстан –  8 алтын, 8 күміс, 4 қола;

Үндістан – 6 алтын, 8 күміс, 6 қола;

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын –  1000$, 2-орын –  500$, 3-орын –  250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.

Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді:

Ең үздік жасөспірім қыз боксшы –  Аяжан Сыдық (Қазақстан);

Ең үздік жасөспірім ұл боксшы –  Фужуки Юга (Жапония);

Ең үздік жас қыз боксшы –  Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан);

Ең үздік жас ұл боксшы –  Төрехан Сабырхан (Қазақстан);

Ең үздік төреші – Мариф Урдешев (Өзбекстан), Мария Каваклиева (Болгария).