Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Еліміздің барлық өңірінде тұман түсуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК 4-6 қараша аралығында ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағы арқылы терең атлантикалық циклон енетіндіктен, республиканың бірқатарт бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болуы мүмкін.

4 қарашада күндіз батыстан келетін антициклон әсерінен температура төмендейді.

Еліміздің барлық өңірінде тұман түсуі мүмкін.