Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының төрағалығына кірісті

3 қараша, 2023 / Абылай Бейбарыс
Kazinform
Түркі кеңесі Әзербайжанның Нахшыван қаласында құрылды.

Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде ұйымның төрағалығы Қазақстанға табысталды, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Өзбекстан өзара ықпалдастыққа тың серпін беру үшін белсенді жұмыс жүргізді. Шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан төрағалық тізгінін ресми түрде өз қолына алды. Бұл - зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Біздің еліміз ұйымды одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге салайық, Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжанның Нахшыван қаласында құрылды. 2022 жылдың желтоқсанында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 9-саммитінде ұйымға төрағалық Түркиядан Өзбекстанға берілді.

 

Тэгтер:

Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті Х саммит Түркі мемлекеттері ұйымы