Қоғам

Қостанай облысында балаларды тасымалдаған «ГАЗель» өртеніп кетті

Қостанай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Өрт 10 сағат 25 минутта жойылды

Қостанай облысында балаларды тасымалдаған «ГАЗель» өртенді, деп хабарлады turkystan.kz Облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, бүгін сағат 09:09-да Мирное ауылынан 15 шақырым қашықтықта «Арқалық – Торғай» облыстық маңызы бар тасжолында Газ 322131-288 маркалы автокөліктің өртенгені туралы хабарлама түскен.

«Iqanat» олимпиадасына қатысу үшін колонна құрамында 3 «ГАЗель» және 1 ПАЗ маркалы көлік болған. Олар 66 оқушыны, 3 еріктіні, 6 оқытушыны, 1 медицина қызметкерін және 1 инспекторды тасымалдаған. Полиция департаментінің 2 қызметкері оларды өз техникасымен бірге алып жүрген. Жүргізуші мен оқытушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында 12 оқушы, 1 жүргізуші, 1 оқытушы жанып жатқан Газельден шығарылып, қалған 3 көлікке ауысып, колонна құрамында сапарын жалғастырды, – делінген хабарламада.

Балалардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнбеген.

Өрт 10 сағат 25 минутта жойылды. Оның себебі – автомобиль электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Оқиға орнына Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 2 техника мен 7 адам шықты.