Жаңалықтар

915 кәсіпорынға 69,3 млн теңге айыппұл салынды

freepik.com

21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыскерлерінің құқығын аяқ асты еткен жұмыс берушілерге шара қолданды, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындар жұмыскерлерге 6,2 млрд теңгеден астам ақша қарыз екенін анықтады. Қабылданған шаралар негізінде 21 мыңнан астам жұмыскерге 5,3 млрд теңге төленді.

«2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздің 915 кәсіпорны 24 мың жұмыскерге 6,2 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды», – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.