Жаңалықтар

Байқоңырға кіріп-шығу үшін 10 күн бұрын өтініш жазу талабы алынып тасталады

ашық дереккөз

Рұқсат сұралған мезетте беріледі.

Қазақстан Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай желтоқсан айының алғашқы күнінен бастап Байқоңыр қаласына кіріп-шығу жеңілдейтінін жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Қазір байқоңырлықтарға қонақ келетін болса, 10 күн бұрын өтініш жазып, комиссиядан рұқсат алу керек. Бұл Ресеймен жасалған келісім», – деді Қ.  Нұртай.

Арнайы өкілдің айтуынша, Ресеймен өзара келісім қайта қаралып, Байқоңырға кіру ережесін өзгертуге бастама жасалған. Нәтижесінде 1 желтоқсаннан бастап қанатқақты режимде жұмыс істейтін жаңа ережеге сәйкес, қалаға кіреберістегі тексеру пунктінде Қазақстан тарапынан отырған қызметкер рұқсатнаманы сұраған мезетте ұсынатын болады.