БҰҰ қарызы бар алты мемлекетті дауыс беру құқығынан айырды

БҰҰ қарызы бар алты мемлекетті дауыс беру құқығынан айырды

БҰҰ қарызы бар алты мемлекетті дауыс беру құқығынан айырды
ашық дереккөзі
БҰҰ Бас ассамблеясы мүшелік жарнаны төлемеген алты елді дауыс беру құқығынан уақытша айырды. Берешегі ең көп ел  - Венесуэла. Бұл туралы БҰҰ-ның бейсенбі, 24 ақпан күні жарияланған хабарламасында айтылады. Қарызы ең көп ел болып саналатын Венесуэла тек $24 млн. қаржыны төлеген соң дауыс беруге қатыса алады. Қалған бес ел -  Кабо Верде, Ливия, Папуа-Жаңа Гвинея, Судан мен  Вануату БҰҰ Бас ассамблеясының 71-сессиясының жұмысы аяқталғанға дейін, яғни 2017 жылдың күз мезгіліне дейін дауыс беру құқығынан шеттетілді. Борышкер-елдер екі жылдық соманы төлегеннен кейін ғана дауыс беру құқығын қайтара алады. Бұл туралы БҰҰ-ның жаңа бас хатшысы Антониу Гутерриш қаңтар айының соңында мәлімдеді. Жыл сайынғы жарна сомасы әр елге жеке есептеледі.